id=”wpcct0″>
Қазақстанда коронавирус індетінен жиырма алтыншы адам қайтыс болғаны хабарланды, ол Қарағанды облысының тұрғыны.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған ер адам туралы ақпарат таратты. 1958 жылы туған ер адам Шахтинск қаласының тұрғыны. Ол 5 сәуірде провизорлық ауруханаға пневмония диагнозымен түскен.
“14 сәуірде ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың шешімі бойынша науқас Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Ер адамда COVID-19 расталды, екіжақты пневмония анықталды”, – делінген хабарламада.
Науқас ауруханада 19 тәулік жатып, емделді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, ер адам үшінші мамырда көз жұмды. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 877 адам анықталды, 995 науқас жазылып шықты.
Официальная статистика заражений коронавирусом в Казахстане и других странах доступна на сайте Coronavirus-info.kz.