Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты.
«Бүгін біз қауіптіліктің «қызыл аймағына» кірдік. Әзірге карантинді күшейткен жоқпыз, алдағы ведомствоаралық комииссия отырысында қарайтын боламыз. Жалпы, ведомствоаралық комииссияның шешімімен бірқатар жеңілдетулер болды. Мәселен, сағат 23:00-ге дейін қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі ұзартылды. Алайда, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан соң, біз одан әрі жеңілдетуді тоқтаттық», – деді облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.
Соымен қатар, ол алдағы уақытта карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкіндігін де атап өтті.
«Карантиндік шектеулерді күшейту бойынша біз талдау жүргізіп, байқайтын боламыз. Қазіргі кезде тәулігіне 61 адамнан анықталуда. Әдеттегідей, Көкшетау қаласында көп тіркелуде», – деп толықтырды А.Мусина.
Официальная статистика заражений коронавирусом в Казахстане и других странах доступна на сайте Coronavirus-info.kz.