Алматының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында вирусты алматылықтардың қайдан жұқтырып жүргенін айтты
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен енгізілген қолданыстағы шектеу шаралары КВИ ауруының өсуін тежеуге және “жасыл” аймақта қалуға мүмкіндік береді. Cтатистикалық деректерге сәйкес, адамдар көбінесе қоғамдық орындар – түнгі клубтар, тамақтану орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарларда (33,7%), үй жағдайында (28,7%), қоғамдық көлікте (18,5%), жұмыс орнында (13,1%) жұқтырады. 3,5% – ы шет елдерден алып келген. Қалған 2,1% қайдан жұқтырғаны белгісіз.
«КВИ-мен ауырған адамдардың басым көпшілігі 20 мен 39 жас аралығындағылар. Бұл жоғарыда аталған мекемелерге баратын жастар, демек жұмысқа барар жолда, қоғамдық орындарда болғанда инфекцияны жұқтырып үйге алып келгендер. 26 қарашадағы жағдай бойынша Алмалы және Бостандық аудандары сары белдеуде тұр. Бұл аудандарда ауру көрсеткіші 28,5 және 29,4, Rt болып тұр. М.Әуезов (21,2) және Медеу (23,3) аудандары коронавирус инфекциясының жұғу жиілігі бойынша қауіп тобында тұр. Таралу индексі бойынша ең тұрақты жағдай Жетісу (0,9) және Түрксіб (1,0) аудандарында байқалады», – деді Ж.Бекшин.
Официальная статистика заражений коронавирусом в Казахстане и других странах доступна на сайте Coronavirus-info.kz.