Сингапурлық әйел дүниеге ұл бала әкелген.
Дәрігерлер баланың бойында COVID-19-ға қарсы антиденелер бар екенін анықтаған. Бұл туралы жергілікті The Straits Times газеті жазады. Басылымның хабарлауынша, 31 жастағы Селин Нг-Чан жүктілік кезінде коронавирусты жұқтырған сингапурлық әйелдердің бірі. Оныншы аптада оған COVID-19 диагнозы қойылды. Кейінірек 7 қарашада Нг-Чанның Алдрин атты ұлы дүниеге келді. Балада вирусқа қарсы антиденелер бар екендігі анықталды.
Анасының айтуы бойынша, педиатр дәрігер оған өзінің бойынан SARS-CoV-2 вирусына қарсы антиденелердің жоғалғанын айтты. Дәрігерлер антиденелер анасынан жаңа туған нәрестеге берілген деп болжайды. Дәрігерлер Алдриннің коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеті бар деп санайды. Газеттің хабарлауынша, Нг-Чанның ұлы – жүкті ананың ауруынан кейін антиденемен дүниеге келген алғашқы ресми тіркелген бала.
Дереккөз:
Официальная статистика заражений коронавирусом в Казахстане и других странах доступна на сайте Coronavirus-info.kz.