Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова айтты.
«Өкінішке орай, COVID-19 адамның бүкіл ағзасын зақымдайтын жүйелі ауру саналады. Оның ішінде жүйке жүйесіне де зақым келтіреді. Орталық жүйке жүйесіне қатысты шағым өте көп. Бұл – еске сақтау қабілетінің төмендеуі, бас ауруы, есту қабілетінің нашарлауы. Бүгін ғана қабылдауымызда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққаннан кейін есту қабілеті тым төмендеп кеткен пациент болды. Оның үстіне аурудың өткір фазасының өткеніне 3 ай уақыт өтіпті. Қазіргі уақытта COVID кесірінен қант диабеті пайда болған 4 пацентті бақылауымызға алып отырмыз», – деді ол.
Сонымен қатар ол коронавирусты бастан кешірген тағы бір пациенттің өткір холециститтен хирургиялық стационарға түскенін айтады.
«Жедел араласу мәселесі туындады. Алайда қабынуға қарсы жүргізілген ем-дом түйілуді басатын дәріге қарағанда әлде қайда жоғары әсерін берді», – деді Махаббат Бекбосынова.
Дереккөз:
Официальная статистика заражений коронавирусом в Казахстане и других странах доступна на сайте Coronavirus-info.kz.