Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді.
26 желтоқсандағы мәлімет бойынша Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Оның қатарына бүгін Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары қосылды. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облысы. Барлық басқа өңірлер – жасыл аймақта.
Таяуда Нұр-Сұлтан мен Алматы COVID-19 індетінің таралуы бойынша «жасыл» аймақтан шықты – қалаларда ауру деңгейі қайтадан өсті. Атырау облысы «қызыл» аймаққа 16 желтоқсанда кірген болатын.
Официальная статистика заражений коронавирусом в Казахстане и других странах доступна на сайте Coronavirus-info.kz.