• Latest
  • Trending
COVID-19: Елде 229 науқастың жағдайы нашар

COVID-19: Елде 229 науқастың жағдайы нашар

04.12.2020
БҚO-да 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды

БҚO-да 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды

20.01.2021
Елімізде бір аптада коронавирустан 54 адам қайтыс болды

Елімізде бір аптада коронавирустан 54 адам қайтыс болды

20.01.2021
Коронавирус вакцинасын салғызатын адамнан жазбаша келісім талап етіледі

Коронавирус вакцинасын салғызатын адамнан жазбаша келісім талап етіледі

19.01.2021
Ғалымдар коронавирус алғаш рет Италияда шықты деген деректер ұсынды

Ғалымдар коронавирус алғаш рет Италияда шықты деген деректер ұсынды

18.01.2021
Коронавирустан 2 миллион адам қайтыс болды: БҰҰ мәлімдеме жасады

Коронавирустан 2 миллион адам қайтыс болды: БҰҰ мәлімдеме жасады

16.01.2021
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

16.01.2021
Қазақстанда 599 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда 599 адам коронавирустан жазылды

16.01.2021
Коронавирусы асқынған бала аяғынан айырылуы мүмкін

Коронавирусы асқынған бала аяғынан айырылуы мүмкін

15.01.2021
Ғалымдар коронавирустың жаңа мутацияланған түрін анықтады

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутацияланған түрін анықтады

14.01.2021
Елімізде коронавирус инфекциясының шарықтау шегі 2 наурызда күтіледі

Елімізде коронавирус инфекциясының шарықтау шегі 2 наурызда күтіледі

14.01.2021
Олжас Сүлейменов коронавирус жұқтырды

Олжас Сүлейменов коронавирус жұқтырды

14.01.2021
Жапонияда коронавирустың тағы бір жаңа штаммы анықталды

Жапонияда коронавирустың тағы бір жаңа штаммы анықталды

11.01.2021
🦠 Коронавирус в Казахстане
  • Карта 🗺
  • Новости 🗞
  • Симптомы 🤒
  • В мире 🇺🇳
🦠 Коронавирус в Казахстане
  • Карта 🗺
  • Новости 🗞
  • Симптомы 🤒
  • В мире 🇺🇳
Сoronavirus-info.kz
No Result
View All Result

COVID-19: Елде 229 науқастың жағдайы нашар

04/12/2020 16:22
in Новости
COVID-19: Елде 229 науқастың жағдайы нашар
13
SHARES
128
VIEWS
Отправить в WhatsappПоделиться в TelegramПоделиться в ВКонтакте

Коронавирус инфекциясынан жазылғандар қуантқанымен, жұқтырып алғандардың саны төмендемей тұр.

Сақтық шараларына салғырт қарауға болмайтыны қанша ескертілгенімен, елемейтіндер де табылады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты шолу жасап көрелік. Өткен тәулікте елімізде 819 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бұдан бөлек, COVID-19 белгілері бар пневмонияның 225 жағдайы тіркелген. Екі адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта осы дертке шалдыққан 14 000 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 560 науқас жатыр, 10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 229 адамның жағдайы нашар. 34 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған. 29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Ал, коронавирустан жазылғандар саны 118 643-ке жетті. Жалпы, елімізде бір аптаның ішінде – қараша айының 23-і мен 29-ы аралығында коронавирус инфекциясынан 44 адам қайтыс болған.

Солтүстік Қазақстан облысы короновирус инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша алдыңғы қатарда тұр. Инфекция Ресейден келгендерден де анықталған. Қазан-желтоқсан айларында өңірдегі шекара бекеттерінен барлығы 30 мыңға жуық адам өтіпті. Олардың көбінде ПТР анықтамасы болмаған. Зертханалық тексеру кезінде 185 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Ал жаңа оқу жылы басталғалы 199 оқушы осы індетті жұқтырыпты. Осыған байланысты үш мектептің 28 сыныбы қашықтан оқуға көшті. Облыс әлі күнге дейін қызыл аймақта. Петропавл қаласынан бөлек, 7 елді мекен карантинге жабылған.

Көкшетауда тағы бір санитарлық бекет қойылатын болды. Ақмола облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ризахмет Жанбековтің айтуынша, бұл – мәжбүрлі шара. Өйткені Петропавл бағытынан келе жатқан көліктер Застационный елді мекені арқылы шаһарға емін-еркін кіріп-шығып жүрген. Сондықтан, тағы бір бекет қойылады. Сондай-ақ бірнеше бекеттің орны өзгеретін болды. Мәселен, Петропавл бағытына шығатын жердегі санитарлық нысан Васильковский мөлтек ауданы тұсынан Сарыарқа шағын ауданына қарай ауыстырылды. Себебі осыған дейін қаланың әкімшілік аумағына кіретін Бірлік және Станционный елді мекендерінің тұрғындары, яғни 6 мыңнан астам адам қалалық тіркеуі бола тұра, санитарлық бекетте кезек күтуге мәжбүр болған еді. Ал Көкшетауға кіріп-шығуға тыйым салынған 5-6 күннің ішінде 10 шақты жүргізуші облыс орталығына заңсыз кірмек болған екен.

Қарағанды облысында оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейген. Бүгінге дейін өңірде 109 оқушыдан дерт анықталса, оның 69-ы қашықтан білім алып жүргендер екен. Қалған қырығы мектепте оқитын балалар. Облыстағы 25 кезекші сынып карантинге жабылды. Дегенмен, мамандардың айтуынша, бұл өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ауруханаларда 133 адам ем қабылдап жатыр. Облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгиннің айтуынша, оқушылар бір мезетте коронавирус індетін жұқтырған жағдайда мектеп карантинге жабылуы мүмкін. Оқу жылы басталғалы бері облыс бойынша 2 мектеп толық карантинге жабылған. Бірі Бұқар жырау ауданында, мұнда бір мектепте 22 баладан індет анықталған. Екіншісі Нұра ауданында. Қазір екеуінде де карантин мерзімі аяқталған.

Шымкентте кинотеатрлар ашылады. Бұл туралы қаланың Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Көрермендер саны 30%-тен аспауы тиіс. Кинотеатрлар сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал демалыс және мереке күндері жабық болады. Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін шаһардағы барлық кинотеатр 9 ай бойы карантин салдарынан жұмыс істеген жоқ. Жаңа қаулыдағы тағы бір өзгеріс – сенбі күні қаладағы ірі сауда үйлеріндегі ойын-сауық орталықтары мен киім-кешек дүкендері өз ісін жалғастырады. Алайда жексенбі мен мереке күндері жұмыс істемейді. Жалпы мерекелік жиындарға тыйым салынған. Оның ішінде жаңажылдық банкет шараларын өткізуге болмайды. Шымкенттегі шектеу және карантин шаралары 21 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Алдағы көктемде Павлодар облысының тұрғындарына коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынады деп жоспарланған. Қазір дайындық жұмыстары басталып кетті. Сала мамандарының хабарлауынша, облыстың емханаларында екпеге арналған тоңазытқыш камераларының алғашқысы ақпан айында сатып алынады және барлық емханаға жеткізіледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, әзірге вакцинаның белгілі бір түрі таңдалған жоқ. Бүгінде көрші Ресеймен келісім бар. Ал отандық құрал арнайы сынақтан өтеді. Қазіргі таңда медициналық ұйымдарда жасалатын зерттеулердің саны бір тәулікте үш мыңға артқан.

Алматыда коронавирус індетімен күресу үшін 89 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген екен. Бірақ, бұл бюджет қаржысы емес. Бизнес өкілдерінен көмек ретінде түскен қаржы. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев солай деді. Қала басшысының айтуынша, бұл қаржы жұқпалы аурулар ауруханаларының құрылысына және жалпы қалалық зертханалық желіні орталықтандыруға жұмсалған. Қазір қаладағы ПТР зерттеуінің тәуліктік қуаты 14 мыңға дейін ұлғайтылған. Тіпті оны тәулігіне 25 мыңға дейін арттыруға болатын көрінеді. Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысын күшейту шаралары қабылданған. Биыл қалада 11 дәрігерлік амбулатория салынса, келер жылы тағы 11 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі.

Дереккөз:

Ситуация онлайн
Covid-19
Kazakhstan В мире
+0 (за сутки)
171,232
Зараженных
0
+0 (за сутки)
2,349
Смертей
0
90.75%
155,397
Выздоровели
0
7.88%
13,486
Активных случаев
+23,754 (за сутки)
97,305,356
Зараженных
0
+1,597 (за сутки)
2,083,203
Смертей
0
71.78%
69,847,515
Выздоровели
0
26.08%
25,374,638
Активных случаев

Официальная статистика заражений коронавирусом в Казахстане и других странах доступна на сайте Coronavirus-info.kz. 

SendShareShare1

Related Posts

БҚO-да 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды
Новости

БҚO-да 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды

20/01/2021 20:30
0
127

Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 58 баладан коронавирус анықталды.

Read more
Елімізде бір аптада коронавирустан 54 адам қайтыс болды

Елімізде бір аптада коронавирустан 54 адам қайтыс болды

20/01/2021 15:13
128
Коронавирус вакцинасын салғызатын адамнан жазбаша келісім талап етіледі

Коронавирус вакцинасын салғызатын адамнан жазбаша келісім талап етіледі

19/01/2021 16:46
128
Ғалымдар коронавирус алғаш рет Италияда шықты деген деректер ұсынды

Ғалымдар коронавирус алғаш рет Италияда шықты деген деректер ұсынды

18/01/2021 20:39
127
Коронавирустан 2 миллион адам қайтыс болды: БҰҰ мәлімдеме жасады

Коронавирустан 2 миллион адам қайтыс болды: БҰҰ мәлімдеме жасады

16/01/2021 19:48
127

📊 Статистика по коронавирусу

🇰🇿 Казахстан

171,232
Случаев
2,349
Смертей
155,397
Выздоровели

 

🇺🇳 Ситуация в мире

97,305,356
Случаев
2,083,203
Смертей
69,847,515
Выздоровели

Последние новости

  • БҚO-да 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды
  • Елімізде бір аптада коронавирустан 54 адам қайтыс болды
  • Коронавирус вакцинасын салғызатын адамнан жазбаша келісім талап етіледі
  • Ғалымдар коронавирус алғаш рет Италияда шықты деген деректер ұсынды
  • Коронавирустан 2 миллион адам қайтыс болды: БҰҰ мәлімдеме жасады
  • Карта 🗺
  • Новости 🗞
  • Симптомы 🤒
  • В мире 🇺🇳
© 2020 Коронавирус в Казахстане — официальная статистика и карта заражений коронавирусом. Источники

[COVID19-CREEP position="bottom" confirmed_title="Cases" deaths_title="Deaths" recovered_title="Recovered" active_title="Active"]

No Result
View All Result
  • Карта 🗺
  • Новости 🗞
  • Симптомы 🤒
  • В мире 🇺🇳