Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ. Қазір коронавирус инфекциясынан 13 998 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 4 139 науқас жатыр. 21 828 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 240 адамның жағдайы ауыр. Оның ішінде 35 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 40 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сонымен қатар бір тәулікте 747 адам инфекция жұқтырды, 802 науқас жазылды. 17 адам пневмонияға шалдықты, 51 адам жазылып шықты.
Официальная статистика заражений коронавирусом в Казахстане и других странах доступна на сайте Coronavirus-info.kz.