ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 26 желтоқсандағы ақпаратты жариялады.
26 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 973 адам короновирус инфекциясынан (10 866 КВИ+ және 12 107 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 773 пациент стационарда, 18 200 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 251 адамның жағдайы ауыр;
• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 160 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 73 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 45265, 489 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32669 жетті.
Официальная статистика заражений коронавирусом в Казахстане и других странах доступна на сайте Coronavirus-info.kz.