Кейінгі тәулікте Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды.
2020 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 1 169 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 960 адам, анықтамасыз 209 адам – ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 762 жолаушы, анықтамамен – 616, анықтамасыз – 146.
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 285 жолаушы, анықтамамен – 234, анықтамасыз – 51;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 122 жолаушы, анықтамамен – 110, анықтамасыз – 12.
Анықтамасыз келген қазақстандықтар карантин стационарларына орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды дейді комитеттегілер.
Сонымен қатар Минскіден ұшып келген Молдова мен Қырғызстан азаматтары, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтамаларды ұсынуларына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.
Официальная статистика заражений коронавирусом в Казахстане и других странах доступна на сайте Coronavirus-info.kz.